«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбы бойынша интернет конференция
Азаматтар мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 30.03.2023, 10:00
- 30.03.2023, 17:00
Жолтанова Жансая 30.03.2023, Сұрақ нөмірі: 11756
Менің бауырым осы жылы Шәкәрім университетін грант бойынша аяқтайды, оқу үлгерімі жақсы. Ол Семей қаласындағы мемлекеттік мекемелердегі бос лауазымдарға тікелей тағайындалу мүмкіндігі бар ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.March.2023, 16:43
Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабының 6-тармағына сәйкес, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында, В+ (әріптік жүйе бойынша), 3,33 (балдардың сандық эквиваленті), 85-89 (%-тік құрамы) мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен "Б" корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) тағайындала алады. 1. Ауданының жане калаларда әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; 2. Жергілікті атқарушы органдардын дербес бөлімдерінде және орталық мемлекеттік органдардын ауданындағы аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына; 3. Ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; тікелей тағайындалуга мүмкіндіктері бар. Жоғары да айтылған негіздерге сәйкес, Семей қаласы Абай облысының әкімшілік орталығы болуына байланысты, конкурс өткізілместен тікелей тағайындалу мүмкіндігі қарастырылмаған. Бұл ретте, Семей қаласы бойынша жарияланған бос лазауымдарға конкурсқа қатысу арқылы, мемлекеттік қызметке орналасуға мүмкіндігі бар. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалары негізінде өткізіледі.