«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы»

«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 30.03.2023, 14:00
  • 30.03.2023, 16:00

Даулетбаева Ұлнұр 30.03.2023, 15:54, Сұрақ нөмірі: 11759

  • 0

Саламатсыздарма. Жалпы конкурсқа қатысқанда әңгімелесу кезінде неге функционалдық міндеттер бойынша сұрақ қойылады? Тәжірибесі жоқ оқу бітірген жастарға жауап беруге қиындық тудырады ғой.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.March.2023, 15:55

Қайырлы күн! ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 21.02.2017 жылғы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 26-тармағына сәйкес, конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін тиісті «Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымының лауазымдық өкілеттіліктерін ескере отырып, он бағыттан аспайтын конкурс сұрақтарының тізімін қалыптастырады. Бұл ретте, Қағиданың 73-тармағына сәйкес, жалпы конкурсты өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды: 1) мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы, почталық мекенжайлары, телефон және факс нөмірлері, электрондық почта мекенжайлары; 2) негізгі функционалдық міндеттері және өзге де талаптар жарияланады. Осыған орай, бос лауазымға жарияланған конкурсқа сұрақтар тізімін қалыптастыру барысында лауазымдық міндеттер бойынша сұрақтар қойылуға тыйым салынбағандығы хабарланады.