«Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің сақталу сұрақтары»

Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.А.Көмекбаев мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау сұрақтарына жауап береді.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 30.03.2023, 09:00
  • 30.03.2023, 18:00

Бөрлібай Жарқынбек 30.03.2023, 17:46, Сұрақ нөмірі: 11760

  • 0

Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта және қоғамдық орындарда өзін қалай ұстауы қажет?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.March.2023, 17:51

ҚР Президентінің 29.12.2015ж. №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға,кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі тиіс.