Қазақстан Республикасының прокуратура органдары ашық деректердің интернетпорталында орналастыратын ашық деректерге халықтың қажеттілігін анықтауға қатысты
Мемлекеттік органдардың ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесіне сәйкес прокуратура органдары 28 жиынтықты орналастырады. Интернет-конференцияны өткізудің мақсаты халықтың ашық деректерге деген қажеттілігін анықтау болып табылады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 27.03.2023, 09:00
- 31.03.2023, 18:00
Тұрсынәлі Медет 31.03.2023, 09:38, Сұрақ нөмірі: 11762
Саламатсыздар ма! Жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтер алуға болады ма? Осындай жиынтық қарастырылған ба? Осы сұрақты қосуды сұраймын.
ҚР Бас Прокуратурасы 31.03.2023
Қайырлы күн! Үкімет Қаулысымен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес «Адамдардың қаза болуына немесе жарақаттануына әкеп соқтырған жол көлік оқиғалары туралы» статистикалық есебінің нысаны бойынша жиынтық қарастытырылған. Сонымен қатар осындай статистикалық мәліметтерді Комитеттің qamqor.gov.kz порталынан да алуға болады.