Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі
«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ш.Ә. Әлімхан жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 31.03.2023, 10:00
- 31.03.2023
Джунисбекова Союзхан 31.03.2023, 10:03, Сұрақ нөмірі: 11763
Сәлеметсізбе, мен тұрғын үйге кезекке тұрайын деп едім, қаншама рет кезек.кз сайтына кіріп арыз қалдырсамда жауап жоқ. Маған қандай көмек көрсете аласыздар?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.March.2023, 10:58
Сауалнамаңызға рахмет. Сізге мән жағдайды анықтап толық жауап алу үшін, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментіне шағымдануыңызға болады. Шағымды электронды портал жүйесімен немесе қағаз жүзінде департамент кеңсесі арқылы қалдырсаңыз болады.