Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қалжанов Ұлан Серікұлы жауап береді.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 31.03.2023, 17:05
- 31.03.2023, 18:00
Ершекеев Диас 31.03.2023, 17:49, Сұрақ нөмірі: 11777
Мемлекеттік қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеру қандай жағдайда жүргізіледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.March.2023, 17:54
Қайырлы күн! ҚР Президентінің 29.12.2015ж. №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану туралы қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес, қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеру екі жағдайда жүргізіледі: 1. Қағиданың 35-тармағына сәйкес, егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi өзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау фактісімен келiспесе, онда осы Қағидаларда айқындалған тәртiпке сәйкес қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлуі тиiс. 2. Қағиданың 37-тармағына сәйкес, «жасағаны үшін лауазымын төмендету», «қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту» және «атқаратын лауазымынан босату» түрiнде тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін тәртіптік теріс қылықтар бойынша қызметтiк тергеп-тексеру жүргізу міндетті.