«Сыр өнірінің мәдениеті мен өнері»
«Сыр өнірінің мәдениеті мен өнері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 06.04.2023, 10:00
- 06.04.2023, 17:00
Романкулова Гульсим 06.04.2023, 11:32, Сұрақ нөмірі: 11786
Сәлеметсіз бе?!
Биыл Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл. Білуімізше, Сыр өңірінің тарихына қатысты зерттелмеген құжаттар Ресей Федерациясының, Татарстан, Өзбекстан Республикаларының Орталық мемлекеттік архивтерінде сақталған деген ақпарат бар. Аталған құжаттардың көшірмесін алу бойынша жұмыстар жүргізілсе жақсы болар еді.
Қызылорда облысы 06.April.2023, 11:38
Қызылорда облысының құрылғанын айғақтайтын құжаттар облыстың архив қорында сақталған. Соның бірі 1938 жылғы 15 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР-і құрамында Қызылорда облысының құрылғаны жөнінде қабылданған қаулының көшірмесі. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында Сыр өңірінің жалпы майданның қуатты тірегіне айналып, күштеп көшірілген халықтарды қамқорлығына алғандығы, соғыстан кейінгі жылдары өндіріс пен ауыл шаруашылығының дамуы, Арал аумағын экологиялық сауықтыру, Сырдарияның сол жағалауында жаңа қаланың құрылысы туралы және тағы басқа тарихи құнды деректер бар. Ізденушілерге тарихи құжаттарды зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін облыс архивтерінде барлық жағдай қарастырылған. Құжаттардың түпнұсқаларының цифрландырылуына байланысты көшірмесін электронды түрде алуға болады. Тарихшылардың зерттеулеріне сәйкес Сыр өңірі тарихына қатысты тың құжаттар Ресей Федерациясының Орынбор, Москва, Татарстан, Өзбекстан Республикаларының Орталық мемлекеттік архивтерінде сақталған. Өткен жылы Орынбор мемлекеттік архивімен келіссөздер жүргізіліп, облыс тарихын бейнелейтін XVIII-XX ғасыр аралығындағы құжаттардың тізімі алынды. Алдағы уақытта аталған құжаттардың көшірмесін алу үшін Қорқыт Ата атындағы университеттің тарихшы-ғалымдары мен архив мамандарын шетел архивтеріне жіберу жоспарланған. Кезең-кезеңмен тарихи құжаттардың көшірмесін елімізге жеткізу арқылы Сыр елінің тарихы айқындала түсетініне сенімім мол.