«Сыр өнірінің мәдениеті мен өнері»

«Сыр өнірінің мәдениеті мен өнері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 06.04.2023, 10:00
  • 06.04.2023, 17:00

Шахмарданұлы Фатихшах 06.04.2023, Сұрақ нөмірі: 11787

  • 0

Қызылорда қаласында жаңадан салынып жатқан Өнер орталығы қай уақытта пайдалануға беріледі, өнер ұжымдарының концерттерін заманауи сахнада көруге мүмкіндік бола ма?

Қызылорда облысы 06.04.2023

Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, халықтың рухани келбеті. Өткен жылы жанашыр жерлестеріміздің қолдауымен бірқатар мәдениет нысандарының құрылысын бастауға мүмкіндік алдық. Оның ішінде ел ағаларымен бірге іргетасын қалаған көпфункционалды 1000 орындық «Өнер орталығын» жыл соңына дейін пайдалануға беретін боламыз. Өнер орталығында өтетін концерттердің кәсіби әрі жанды дауыста көрерменге жол тартуына септігін тигізетін симфониялық оркестрдің де тұсауын жаңа ғимаратта кесу жоспарда бар. Алаштың анасына айналған Сыр өңірі аналарының құрметіне арнап құрылысы басталған құндылықтар мен рухани орта «Анаға тағзым» орталығының ғимараты да биыл өз жұмысын бастайтын болады.