«Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 91% құрайды. Жетісу облысының маршрут желісіне 75 автобус бағыты кіреді, оның ішінде 6 облысаралық бағыт, 22 облысішілік бағыт, 40 ауданішілік, (қалаішілік) бағыт, 7 қала маңындағы бағыт, 18 тасымалдаушы қызмет көрсетеді, 342 жылжымалы құрам тартылған.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 06.04.2023, 10:00
- 06.04.2023, 15:00
Байтилесова Альбина 06.04.2023, Сұрақ нөмірі: 11788
Ағымдағы жылдан бастап Астана-Талдықорған әуе бағытында билеттің құны көтерілді, ұшуға аз күн қалғанда 60 мың теңгеден жоғары өсіп кетеді.
Осы бағыттағы билеттің бағасын реттеу мәселесін қарастыруларыңызды сұраймын.
Жетісу облысы 06.04.2023
Қайырлы күн! Қазіргі уақытта «Астана-Талдықорған» әуе бағыты коммерциялық негізде іске асырылуда, республикалық бюджетте әлеуметтік мәні бар бағыт ретінде субсидиялау үшін қаражат қарастырылмаған. Сол себепті ағымдағы жылы облыс әкімдігі тарапынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігіне «Астана-Талдықорған» әуе бағытын субсидиялау мәселесін қайта қарастыру жөнінде өтінім хат жолданды.