«Сыр өнірінің мәдениеті мен өнері»

«Сыр өнірінің мәдениеті мен өнері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 06.04.2023, 10:00
  • 06.04.2023, 17:00

Амал Серікболсын 06.04.2023, Сұрақ нөмірі: 11789

  • 0

Өзіңіз білесіз, Сыр өңірінің әдебиет пен өнер майталмандары сонымен бірге қоғам қайраткерлерінің есімдері бұл күнде аңызға айналып, тарих беттерінде алтын әріппен жазылуда. Биылғы жылы тарихи тұлғаларымыздың есімін ұлықтауда қандай мәдени-рухани шаралар атқарылады?

Қызылорда облысы 06.04.2023

Биыл Сыр топырағында дүниеге келіп, еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек еткен белгілі тұлғаларымызды бүгінгі ұрпаққа дәріптеу мақсатында ауқымды шаралар жоспарланды. Өздеріңіз білесіздер, 2023 жыл Түркі әлемінде мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды. Ұлтжанды тұлғаның тағылымды жолын бүгінгі ұрпаққа насихаттау шаралары жыл басынан бастау алып, сәуір айының 13-14 күндері Т.Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойы өңірімізде республикалық деңгейде аталып өтіледі. Мерейтой аясында «Жыр арқауы – Жүргенов» атты республикалық жыр мүшәйрасы, «Ұлт руханияты және Т.Жүргенов мұрасы: жасампаздыығы мен» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырылады. Бұл мерейтойлық шараларға республиканың барлық аймақтарынан арнайы қонақтар, белгілі ғалымдар мен ақындар қатысатын болады. Сондай-ақ, 7-8 сәуір күндері өңірімізде тұңғыш рет әнімен әлемді әлдилеген композитор Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған «Туған жер» атты халықаралық әншілер конкурсы өтеді. Композитордың әндері бүгінде қазақ арасында ғана емес, шетелдерде де шырқалып жүр. Осы орайда, конкурсқа Болгария, Польша, Литва, Армения, Тәжікістан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен әншілер қатысып, Кеңес ағаның әндерін шырқайтын болады. Сонымен қатар, жыл көлемінде Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлының 150 жылдығына республикалық ақындар айтысы, түркі тілдес елдердің «Қорқыт және ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық музыкалық өнер фестивалі ұйымдастырылады.