«Сыр өнірінің мәдениеті мен өнері»
«Сыр өнірінің мәдениеті мен өнері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 06.04.2023, 10:00
- 06.04.2023, 17:00
Султанжанов Жетесби 06.04.2023, Сұрақ нөмірі: 11790
Сәлеметсіз бе! Бірнеше жылдан бері Сырдың бойындағы бірқатар қалашықтарда жүйелі археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқанын білеміз. Бұл ретте, оғыздардың ордасы саналатын ортағасырлық Жанкент қаласындағы жұмыстар өз жалғасын табады ма?
Қызылорда облысы 06.04.2023
Соңғы жылдары мәдени құндылықтар мен ұлттық тарихымызға баса назар аударылып, негізгі жұмыстар археологиялық ескерткіштерді зерттеуге бағытталды. Қызылорда облысы Қазалы ауданында орналасқан ортағасырлық Жанкент қалашығында 2014 жылдан бері кешенді түрде археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл мақсатқа жыл сайын облыстық бюджеттен тиісті қаржы қаралған. Сонымен қатар, биылғы жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Германияның Тюбинген университетінің әріптестік бірлескен жобасы аясында Жанкент қалашығында халықаралық экспедиция қазба жұмыстарын жүргізді. Қазалы ауданындағы ортағасырлық Жанкент қалашығында қорғаныс қабырғалары мен мұнаралары, тұрғын үй орындары және басқа да құрылыс орындары аршылып, маңызды нысандар консервацияланды. ҮІІ-ХІ ғасырларға тән хумдар, құмыралар, шырағдан, қоңырау, тиындар, сүйектен жасалған түймелер табылды. Сондай-ақ, қалашықың қорғаныс қабырғалары мен мұнаралары, тұрғын үй орындары және басқа да құрылыс орындары аршылып, маңызды нысандар ағаш және метал жабындылармен консервацияланды. Жанкент қалашығында консервацияланған бір бөлменің композициясы жасақталып, Оғыз дәуірінің тұрмыс-салт дәстүрінен хабар беретін, тарихи мүсіндер қойылып, туристер үшін қалашық ішіндегі тұрғын үйдің ежелгі қалпын көруге мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Жанкент қалашығының қорғаныс қабырғалары қалпына келтірілді. Қалашықта зерттеу жұмыстарымен қатар, инфрақұрылымын жетілдіруге де үлкен мән беріліп қорғау аймақтары бойынша қоршалып, стелалар бой көтерді. Бүгінгі күні қалашықтарда археологиялық-этнографиялақ біртұтас жүйе қалыптасуда. Қалашықты мәдени туристік орынға айналдыру бағытындағы жұмыстарымыз биылғы жылы да өз жалғасын табады, оған облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген.