Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 11.04.2023, 10:00
  • 11.04.2023, 17:00

Мейірбекқызы Бекзада 11.04.2023, 10:59, Сұрақ нөмірі: 11795

  • 0

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз жарияланымдар көбейіп кетті. Әсіресе этика бұзуға қатысты. Осыған байланысты, Сіздің Департаментпен қандай шаралар қабылдануда?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.04.2023

Сәлеметсіз бе! Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілерге қатысты тұрақты түрде БАҚ құралдары мен әлеуметтік желелерге мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 2022 жылы мемлекеттік органдарының 30 мемлекеттік қызметшілеріне қатысты 39 жағымсыз материал жарияланған, олардың 10 фактісі расталды. Ал, ағымдағы жылдың I тоқсанында 11 жағымсыз материал жарияланған, олардың 6 фактісі расталды. Анықталған фактілер бойынша Заң бойынша шаралар қабылданды. Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңестің тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін 6 лауазымды тұлғаға тиісінше тәртіптік жаза қолданылды. Ағымдағы жылдың басынанӘдеп жөніндегі кеңеспен Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін 2 лауазымды тұлғаға тиісінше тәртіптік жаза қолданылды. Биылдың өзінде Департаментпен қала аумағында орналасқан 25 мемлекеттік органныңмемлекеттік қызметшілерімен, сондай-ақ қоғамдық ұйым өкілдері, қоғм белсенділерімен кездесу жүргізілді, оның барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер және әдеп талаптарын сақтауға қатысты түсіндіріліп талқыланды. Облыс пен қалалық, аудандық әдеп жөніндегі уәкілдерге жұмысты күшейту бойынша тиісті тапсырмалар берілді.