Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 11.04.2023, 10:00
  • 11.04.2023, 17:00

Енсап Ермұқан 11.04.2023, 15:33, Сұрақ нөмірі: 11796

  • 0

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта үстеме жұмыстарға тартылу жағдайлары орын алып жататыны жасырын емес. Мемлекеттік қызметші жұмыс уақытынан тыс негізсіз үстеме жұмысқа тартылудан қалай құқықтық қорғалған?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.April.2023, 15:40

Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан тыс уақытта негізсіз үстеме жұмысқа тартуға тыйым салынады және ол үшін лауазымды адамдарға әкімшілік жауапкершілік көзделген. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа келіп кетуін бақылау СКУД жүйесіне бекітілген олардың цифрлық куәліктері арқылы жүргізіледі. Өз кезегінде, СКУД жүйесі Е-қызмет жүйесімен ықпалдастырылған. Департамент қызметкерлері Е-қызмет жүйесінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа келіп кетуіне бақылау жүргізе алады. Жұмыс уақытының нормасынан заңсыз асып кету бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бірінші басшыға бірінші рет ескерту жасалады, егер әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап енгізілген жаңашылдыққа байланысты, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 89-бабымен көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылады, яғни қырықайлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл қарастырылады.