«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы»
Мемлекеттік қызмет саласы бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Ә.А. Көмекбаев интернет-конференция барысында жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 12.04.2023, 10:00
- 12.04.2023, 17:00
Сандыбаева Гульзат 12.04.2023, 10:58, Сұрақ нөмірі: 11799
ЖОО түлектеріне мемлекеттік қызметке орналасу үшін қандай мүмкіндіктер берілуде?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.April.2023, 11:57
Сәліметсіз бе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, ЖОО түлектері оқуын аяқтағаннан кейін 1 жыл ішінде облыстардағы аудан, ауыл деңгейіндегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурссыз орналасуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін жастар: Біріншіден, Жоғары оқу орнын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде аяқтауы қажет; Екіншіден, GPA көрсеткіші белгілеген мәннен, яғни GPA 3,33-тен төмен болмауы қажет.