2008 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен облыс әкімдіктері, Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің нысандарды 2008-2009 оқу жылына әзірлеу және жылыту маусымына байланысты жүргізілетін дайындық жұмыстары туралы жедел ақпараттандыру мақсатында 2008 жылғы қазанның 10-ы мен желтоқсанның 1-і аралығында «Электрондық үкімет» Порталында 2008 жылғы жылыту маусымы мәселелері жөнінде Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 80
- Жауаптар: 23
- 10.10.2008
- 01.12.2008
- Министерство энергетики и минеральных ресурсов
Құлниязова Гүлнар 01.11.2008, Сұрақ нөмірі:
Біздер,Атырау қаласы,Дружба көшесі,1-ші үй тұрғындары осы сайтқа,бұдан бұрынғы интернет конференцияға хат жібергенбіз.Енді осы жолы жылу мәселесіне байланысты тағы да басшылар назарын аударғымыз келеді!Шамамен 1 ай бұрын қалалық әкімиаттанбыз деп адамдар келіп,бізге жылу қосу үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу керек екенін,ол үшін тұрғындар қаражат жинап,содан кейін жертөлені лық толған судан тазартып,жылу құбырларын ауыстырып,жылу қосып беретіндіктерін айтты.Тұрғындар 115 000 теңге ақша жинап,табыс еттік.Бірақ жертөледегі лық толы су сол күйінде қалды,жылу құбырларын қалай болса солай ауыстырып,бір апта бойы комиссия мүшесіне тапсыра алмай,әзер дегенде жылу берілді.Олар кеткен бойдан жертөлеге қайдан екені белгісіз,сарылдап су ағып жатыр.Көп кешікпей обылыс әкімі теледидар арқылы қалаға жылу қосу үшін бюджеттен қаражат бөлінгенін,жөндеу жұмыстарын өздері жасап беретіндіктерін,тек халықтан жылудың ақшасын уақытында төлеулерін сұрады.
Осы мәселе бойынша жауап күтеміз!