«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Н.Сарғалдақов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 13.04.2023, 09:00
  • 13.04.2023, 18:30

Бекбосунова Майра 13.04.2023, 11:56, Сұрақ нөмірі: 11802

  • 0

Сәлеметсіз бе! Конкурсқа кімдер қатыса алады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.April.2023, 13:09

Сәлеметсіз бе, Майра!? Конкурсқа кемінде үш жыл мінсіз мемлекеттік қызмет өтілі бар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерді ұсыну мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерімен жүзеге асырылады. Осы ретте, мемлекеттік қызметшілер келесі жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді; Үш жылдан кем мемлекеттік қызмет өтілі болған жағдайда және әдістемеге сәйкес көрсетілген құжаттардың толық емес (мемлекеттік органның ұсыным хаты, конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі, ) пакетін ұсынған жағдайда.