«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы
«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Н.Сарғалдақов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 13.04.2023, 09:00
- 13.04.2023, 18:30
Атыбаева Карина 13.04.2023, 15:07, Сұрақ нөмірі: 11803
Саламатсыз ба! Конкурс қанша кезеңнен тұрады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.April.2023, 17:13
Cәлеметсіз бе, Карина?! “Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі” республикалық конкурсы негізгі 2 кезеңнен тұрады: 1. Өңірлік; 2. Республикалық. Өңірлік конкурстық комиссия бірқатар кезеңнен тұрады, олар конкурсқа қатысушы үміткерлердің құжаттарын қабылдау, кейстік тапсырмаларды бағалау және кандиттарды алдыңғы кезеңдердегі баллдар жиынтығы бойынша рейтинг негізінде жүзеге асырылады. Өңірлік кезеңнен рейтингте неғұрлым жоғары балл жинаған 2-ден аспайтын үміткерлер Республикалық кезеңге жіберіледі.