Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 18.04.2023, 10:00
- 18.04.2023, 15:00
Оспанова Майгул 18.04.2023, 10:54, Сұрақ нөмірі: 11821
Әдеп жөніндегі уәкіл дегеніміз кім және оған қандай сұрақтар бойынша жолығуға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.April.2023, 11:05
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Осы орайда, сіз аталған мәселелер бойынша өніріңіздегі мемлекеттік органның Әдеп жөніндегі уәкілге тиісті сұрағыңыз бойынша жолыға аласыз.