Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 18.04.2023, 10:00
- 18.04.2023, 15:00
Канатбекова Гульмира 18.04.2023, 11:04, Сұрақ нөмірі: 11822
Қайырлы күн. Мемлекеттік қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеру қандай жағдайда жүргізіледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.April.2023, 11:27
ҚР Президентінің 29.12.2015ж. №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану туралы қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес, қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеру екі жағдайда жүргізіледі: 1. Қағиданың 35-тармағына сәйкес, егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi өзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау фактісімен келiспесе, онда осы Қағидаларда айқындалған тәртiпке сәйкес қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлуі тиiс. 2. Қағиданың 37-тармағына сәйкес, «жасағаны үшін лауазымын төмендету», «қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту» және «атқаратын лауазымынан босату» түрiнде тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін тәртіптік теріс қылықтар бойынша қызметтiк тергеп-тексеру жүргізу міндетті.