Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 18.04.2023, 10:00
  • 18.04.2023, 15:00

Жылкибаева Алия 18.04.2023, Сұрақ нөмірі: 11823

  • 0

Қайырлы күн! Менің сұрағым, мемлекеттік қызметшінің коммерциялық ұйымның акцияларын сатып алуға құқығы бар ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.04.2023

Қайырлы күн. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 10-бабы 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер заңдарда белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті. Заңның 13-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер (Ұлттық банктің төрағасын және оның орынбасарларын, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның төрағасын және оның орынбасарларын қоспағанда) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға және (немесе) сатуға құқылы (ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемде жай акциялар) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында. Осылайша, мемлекеттік қызметшілер ұйымдардың ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемде коммерциялық ұйымдардың жай акцияларын сатып алуға және (немесе) сатуға құқылы. Бұл ретте, сатып алынған акциялар бір ай ішінде сенімгерлік басқаруға берілуі тиіс және бұл туралы жұмыс орны бойынша кадр қызметіне хабарлау қажет.