Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары туралы

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына байланысты сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 21.04.2023, 16:00
  • 21.04.2023, 18:00

Дәрібаева Айдана 21.04.2023, 17:18, Сұрақ нөмірі: 11834

  • 0

Комиссияның тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымы негізінде уәкілетті адам қандай шешiмдер қабылдай алады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.April.2023, 17:29

Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 72-тармағына сәйкес, Уәкілетті адам Комиссияның тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымы келіп түскен күннен бастап жазаны қолдану мерзімдерінің шегінде, бес жұмыс күні ішінде мынадай шешiмдердің бірін қабылдайды: 1) тиiстi тәртіптік жазаны қолданады; 2) тәртіптік жазаны қолдану мерзімдерінің шегінде қосымша қызметтік тергеп-тексеруді тағайындайды және материалдарды қосымша қызметтiк тергеп-тексеруге жiбередi; 3) тәртіптік жазаны қолданбайды.