Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 25.04.2023, 10:00
  • 25.04.2023, 15:00

Буралхина Алия 25.04.2023, 10:07, Сұрақ нөмірі: 11838

  • 0

Қайырлы күн! мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік органның қызметшісі қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылған болатын. Тәртіптік жазаның қолданылғанына 2 жылдан астам уақыт өтті. Бұл ретте, заңнама талаптарында қызметшіге қатысты шектеулер бар ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.April.2023, 14:44

Қайырлы күн. Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасаған мемлекеттік қызметшілерге қатысты заңнама талаптарымен шектеулер көзделген. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16-бабына сәйкес мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығарылған тұлға мемлекеттік қызметке жіберілмейді.