Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 25.04.2023, 10:00
- 25.04.2023, 15:00
Майгельдинов Алибек 25.04.2023, 10:53, Сұрақ нөмірі: 11839
Сәлеметсіз бе, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі қандай қағидаттарға негізделеді?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.April.2023, 14:45
Сәлеметсіз бе. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі келесідей қағидаттарға негізделеді: 1) адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету; 2) адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас; 3) әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу; 4) ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету; 5) сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау; 6) клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.