Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 25.04.2023, 10:00
  • 25.04.2023, 15:00

Райкулова Сандугаш 25.04.2023, 14:18, Сұрақ нөмірі: 11841

  • 0

Қайырлы күн. Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қандай жаза түрлері қолданылады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.April.2023, 14:45

Қайырлы күн. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашады № 416 мемлекеттік қызметі туралы заңының 44-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін келесідей жаза түрлері қолданылады: 1) ескерту; 2) сөгіс; 3) қатаң сөгіс; 4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту; 4-1) өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік лауазымын төмендету; 5) атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару. Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.