Халықаралық зияткерлік меншік күні

Жыл сайын 26 сәуірде Халықаралық зияткерлік меншік күні атап өткізіледі, ол кең жұртшылыққа зияткерлік меншік құқығының инновациялар және шығармашылықтың дамуына қалай ықпал ететіні туралы айтуға мүмкіндік береді.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 26.04.2023, 09:00
  • 26.04.2023, 18:00

Зайдулла Әділхан 26.04.2023, 15:02, Сұрақ нөмірі: 11846

  • 0

Мен жұмсақ жиһаз өндірушісімін. Менің шағын цехым бар. Қазір кеңейтуді жоспарлап отырмын және осыған байланысты сауда маркасын қорғау мәселесіне тап болдым. Қалай өзімді жосықсыз бәсекелестерден қорғап және өз брендімді сақтауға болады.

ҚР Әдiлет министрлігі 26.April.2023, 17:15

Cәлеметсіз бе! Сұрағыңыз үшін рахмет. Тауар таңбаңызды қорғау үшін сіз оны ҚР ӘМ "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК – да (бұдан әрі - "ҰЗМИ"РМК) тіркей аласыз. "ҰЗМИ" РМК сіздің тауар таңбаңызды тіркеу туралы мәліметтерді ҚР Тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне енгізеді. Тауар белгісіне құқық куәлікпен куәландырылады және Мемлекеттік тізілімнен үзінді көшірмемен расталады. Сіз, құқық иесі ретінде, сіздің тауар белгінізді пайдалануға айрықша құқығыңыз болады. Өзге адамдар қорғалатын тауар белгісін республика аумағында Сіздің келісіміңізсіз пайдалана алмайды. Тауар белгісін тіркеу өтінім берілген күннен бастап он жыл бойы қорғалады («Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атаулары» туралы Заңның 15-бабының 1-тармағы).