Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі
Мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптарын сақтауы
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 27.04.2023, 10:00
- 27.04.2023, 17:00
Аубакирова Асия 27.04.2023, 15:03, Сұрақ нөмірі: 11849
Мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, тәртіптік жазасы шешілмесе басқа мемлекеттік лауазымға орналасуға шектеу қойылады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.April.2023, 15:19
Сәлеметсіз бе!«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берiлмейдi. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидалардың 81-тармағына сәйкес егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi жаза қолданылған күннен бастап алты ай iшiнде жаңа тәртіптік жазаға ұшырамаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.