Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы
«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары А.С. Мейрханова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 27.04.2023, 09:00
- 27.04.2023, 18:00
ДУЙСЕМБИНОВА ГУЛЬНАР 27.04.2023, 15:17, Сұрақ нөмірі: 11850
Саламатсызба, жақында қызым оқу бітіріп еді, жоғарғы оқу орнының түлектеріне мемлекеттік қызметке орналасу үшін қандай мүмкіндіктер беріледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.April.2023, 16:34
Сәліметсіз бе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, ЖОО түлектері оқуын аяқтағаннан кейін 1 жыл ішінде облыстардағы аудан, ауыл деңгейіндегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурссыз орналасуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін жастар: Біріншіден, Жоғары оқу орнын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде аяқтауы қажет; Екіншіден, GPA көрсеткіші белгілеген мәннен, яғни GPA 3,33-тен төмен болмауы қажет.