«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы»
«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Б. Медет жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 28.04.2023, 15:00
- 28.04.2023, 17:00
Каленов Санат 28.04.2023, 15:59, Сұрақ нөмірі: 11870
Саламатсыз ба! Мен жоғары оқу орнына түстім. 1 курс студентімін, алайда маған үйге әскерке шақыру бойынша хабарлама келді. Мен оқуымды тастап, дәл қазіргі уақытта әскерге баруға міндеттімін ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.April.2023, 16:01
Саламатсыз ба! "Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің талаптарына сәйкес, жоғары оқу орындарында білім алып жатқан азаматтарға білім алуды жалғастыру үшін білім беру ұйымынан оқу кезеңі көрсетілген анықтаманы алып, электронды көшірмесін "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жергілікті атқарушы органға өтінішпен қоса жолдауыңызға болады. Нәтижесінде Сізге әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.