Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 05.05.2023, 10:00
- 05.05.2023, 15:00
Мұстафа Гауһар 05.05.2023, 11:33, Сұрақ нөмірі: 11879
Сәлеметсіз бе, менің сұрағым бар еді, мемлекеттік қызметші қазыргі уақытта еңбек демалысында. Аталған қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тартуға бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.05.2023
Сәлеметсіз бе. Заңнама талабына сәйкес мемлекеттік қызметшінің демалыста немесе iссапарда болуы кезінде тәртіптік жазаларды қолдануға болмайды.