«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар»

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 05.05.2023, 10:00
  • 05.05.2023

Оспанова Аружан 05.05.2023, 11:33, Сұрақ нөмірі: 11880

  • 0

Саламатсызба, бүгінгі күні теледидарда, әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы ақпарат таратылуда, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің қашықтықтан жұмыс жасау мәселесіне қатысты сұрағым бар. Жалпы осы қашықтықтан жұмыс жасау режимін қай уақытта қолдануға болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.May.2023, 15:14

Сәлеметсіз бе! Қашықтықтан жұмыс істеуді немесе аралас қашықтықтан жұмыс істеуді уәкілетті адам төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған не өзге де шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлердің өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да айрықша жағдайларда белгілеуі мүмкін.