Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 05.05.2023, 10:00
  • 05.05.2023, 15:00

Абикенов Нурлан 05.05.2023, 11:37, Сұрақ нөмірі: 11881

  • 0

Мемлекеттік қызметші үшін кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыру тәртіптік теріс қылық болып табылады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.05.2023

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабының 5) тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуі мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылады.