«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 05.05.2023, 10:00
- 05.05.2023
Дуйсенбекова Әйгерім 05.05.2023, 11:47, Сұрақ нөмірі: 11884
Саламатсызба, менің әпкем мемлекеттік қызметші. Оның асырауында мүгедек баласы бар. Осы орайда менің сұрағым, ол қашықтықтан жұмыс жасауға құқылы ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.May.2023, 15:18
Сәлеметсіз бе! Сіздің әпкеңізде икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс жасауға мүмкіндігі бар. Бұл ретте, икемді жұмыс уақыты режимі растайтын құжаттарды және себептері көрсетілген жұмыскердің өтініші негізінде уақыт режимі және икемді жұмыс уақыты кезеңі көрсетіле отырып жұмыс берушінің актісімен белгіленеді. Өтініш электрондық түрде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі немесе персоналды басқару бойынша ведомстволық ақпараттық жүйе арқылы беріледі.