«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы»
«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 11.05.2023, 10:00
- 11.05.2023, 17:00
Мәстетбаева Ақмарал 11.05.2023, 10:36, Сұрақ нөмірі: 11887
Сәлеметсіз бе Нұрлыбек Мәшбекұлы! Елбасының қолдауымен «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жеңілдетілген шағын несиелер беріледі деп естіп келеміз. Осы бағдарлама жүзеге қалай асырылатын болады және барлық ауыл тұрғындары қатыса алама?
Қызылорда облысы 11.May.2023, 10:41
Сәлеметсіз бе! 2019 жылдан бастап пилоттық режимде өткен Жамбыл облысының ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобасы өз тиімділігін және жоғары нәтиже көрсетті. Осыған сәйкес, Ел басы осы жобаны барлық өңірлерге тарату тапсырмасын берді. «Ауыл аманаты» жобасы аясында облысқа 3,0 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл бағдарлама ауыл тұрғындары, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтар үшін өз бизнес жобаларын іске асыруға үлкен мүмкіндік береді. Микрокредиттің жылдық пайызы 2,5 пайызды құрайды және жеңілдік кезеңі қарастырылған (18-27 ай), сондай-ақ, бағыты бойынша шектеу жоқ. Бағдарламаға барлық ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындары қатыса алады. Барлық аудан бойынша менің тапсырмама сәйкес жұмыс топтары құрылып, құжаттарды рәсімдеу бойынша жобаны сүйемелдеу жұмыстарын жүргізетін болады. Қаржыландыру үшін өтінімдерді қабылдау мамыр айының соңында басталатын болады.