«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы»
«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 11.05.2023, 10:00
- 11.05.2023, 17:00
Жанназаров Ғибрат 11.05.2023, 10:59, Сұрақ нөмірі: 11888
Қайырлы күн! Мал шаруашылығымен айналысу үшін жайылым жер қажет. Жайылымға қолайлы жерлер бар ма, осы мәселе қалай шешіледі?
Қызылорда облысы 11.May.2023, 11:07
Қайырлы күн! Облыста жайылыммен қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар жүйелі жүргізілуде: шаруашылық жүргізу үшін жарамды учаскелерді конкурсқа шығару және бұрын шаруашылыққа табысталған, алайда, пайдаланбай отырған жерлерді анықтау, оларды қайтарып алып жұмыс жасаймын деген шаруаға беру. 2012 жылдан бері жыл сайын 60-70,0 мың га жайылым учаскелері тізімі жасалып (заңнамада көзделген тәртіпте схемасы, көлемі анықталып), конкурсқа шығарылады. Ағымдағы жылдың 4 айында 14,8 мың га жайылым конкурсқа шығарылып, қожалық жүргізу үшін табысталды. Жалпы жоспар – 67 мың га. Соңғы 3 жылда облыста пайдаланылмай отырған жерлерді қайтару жөнінде комиссиялар құрылып, жұмыс жасауда. Бүгінгі күні (01.05.2023 жыл жағдай бойынша), жалпы көлемі 69,2 мың гектар болатын 79 жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. 2022 жылы көлемі 157,3 мың га құрайтын 256 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. 2022-2023 жылдары 6 аудан бойынша қайтарылған жердің 24,8 мың га-сы ауыл шаруашылығы айналымына қайта алынды (шаруашылық жүргізу мақсатында берілді, Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған). Сонымен қатар, 14,6 мың га ағымдағы жылдың соңына дейін конкурс арқылы табысталатын болады (Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандары). Мемлекет басшысы тапсырғандай, қайтарып алынған жер туралы ақпарат ашық және қолжетімді болуы шарт. Осыған байланысты, өткен жылы қайтарылған 256 учаскенің орналасу схемалары «jerkarta.garysh.kz» геосервисіне орналастырылуда («Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-на жолданды). Бұл ашық карта, кез-келген азамат «jerkarta.garysh.kz» мекен-жай бойынша кіріп, ұнаған учаскесін конкурсқа шығарылатын учаскелер тізіміне қосу жөнінде аудан, қала әкімдігіне өтініш бере алады.