«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы»
«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 11.05.2023, 10:00
- 11.05.2023, 17:00
Елшібек Әйгерім 11.05.2023, 11:26, Сұрақ нөмірі: 11889
Сәлеметсіз бе Нұрлыбек Мәшбекұлы? Биылғы жылдың көктемгі егіс жұмыстары басталып, тыңайтқыштар пайдаланудамыз. Пайдаланған тыңайтқыштарға субсидиялар қашан төленеді?
Қызылорда облысы 11.May.2023, 11:38
Қайырлы күн! Ағымдағы жылы мемлекеттік қолдаудың арқасында егіншілік саласы бойынша барлығы 4 418,4 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Оның ішінде тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бойынша 2 341,1 млн. теңге қаржы қаралды. Субсидиялау бойынша өтінімдер қабылдау үшін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан келісім алынып, Қызылорда облысы әкімдігінің (2023 жылғы 27 наурыздағы №48 қаулы) қаулысымен субсидияланатын тыңайтқыштар түрлері және нормалары бекітіліп, қазіргі күні Gosagro.kz субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы 2023 жылдың 24 сәуірінен бастап өтінімдер қабылдау жұмыстары басталды. Әрине, жаңадан іске қосылған жүйе болғандықтан бір қатар кемшіліктер болуда. Дегенмен, тікелей ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп, орын алып отырған мәселелерді қарастырып, субсидия төлеу жұмыстарын жүргіземіз.