Қазақстан Республикасы аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегi Интернет-конференция

Қазақстан Республикасы азаматтары мен облыстар, Астана қаласы мен Алматы қаласы Әкімдіктерінің арасында шұғыл режимде іс-қимыл орнату мақсатында 2008 жылдың 22 қыркүйегі мен 10 қарашасы аралығындағы кезеңде «Электрондық үкімет» веб-порталында Қазақстан Республикасы аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 160
  • Жауаптар: 124
  • 22.09.2008
  • 10.11.2008
  • Алматы қаласы әкімдігі

Оскорбленные и замученные пассажиры 19.10.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Когда решиться вопрос нормального функционирования общественного транспорта в г.Кызылорда? Произвол со стороны маршрутных такси продолжается. Ни кто не контролирует работу маршрутных такси: время начала и окончания работы, интервалы движений и т.д. Особенно остро стоит ворпос с маршрутом № 30. Постоянно битком набиты, кассиры и водители оскорбляют пассажиров и т.д. и т.п. Неужели, нельзя навести порядок?!

Администратор 07.11.2008

Қазіргі уақытта қаланың жолаушылар тасымалдау жүйесінде көрсетілген кемшіліктерді болдырмау мақсатында бірқатар шаралар іске асырылуда. Мұның барлығы жолаушылар тасымалдау қызметіне конкурстар барысында ескерілген. Барлық конкурстар өткізіліп, тасымалдаушы мекемелер анықталғаннан соң жасалатын келісім-шарттарға аталған кемшіліктерді жою бағытындағы тармақтар енгізіледі. Конкурстарды ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі күні қаладағы №1, 2, 3, 11, 15, 17, 18 бағыттардағы кіші сыйымдылықтағы автокөліктер жұмыстан шектетіліп, орта сыйымдылықтағы автокөліктермен қамтамасыз етілді. №30 бағыттың жүру интервалы мен жұмыс уақытының басталуы және аяқталуы ретке келтірілді.