«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы»
«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 11.05.2023, 10:00
- 11.05.2023, 17:00
ОРДАНБАЙ НАРҚЫЗ 11.05.2023, 11:45, Сұрақ нөмірі: 11890
Қайырлы күн! Казгидромед болжамына сәйкес Арал, Қазалы аудандары бойынша жауын-шашын көлемі азайып, қуаңшылық болуы мүмкін деген қауесеттер тарап жатыр. Бұл туралы не айтасыз?
Қызылорда облысы 11.May.2023, 11:56
Сәлеметсіз бе! Өткен жылдарда аймақта қуаңшылық орын алғаны белгілі. Биылғы жылы ерте көктемде облысқа түскен жауын-шашынның мөлшері тұрақты жағдайда болды. Ал, қазіргі таңдағы үздіксіз соққан жел жайылымдарды кептіріп, ылғалдың азаюына әкеліп соғуда. Дегенмен, аймақта қуаңшылықтың алдын алу мақсатында бірқатар шаралар іске асырылған болатын. Өткен жылы Үкімет резервінен 3,6 млрд.теңге қаржы бөлініп, 21 канал тазалау, 52 ұңғыманы қалпына келтіру және бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, қашыртқы суларды қайта пайдалану және елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 133 дана насос қондырғылары сатып алынды. Оның ішінде Арал ауданына 10 насос, Қазалы ауданына 10 насос қондырғылары іске қосылды. Нәтижесінде аймақта мал азығы дақылдарының шығымы жақсарып, жем-шөп базасының берік қоры жасақталып, жем-шөп тапшылығы орын алған жоқ. Биылғы жылы облыстық бюджет есебінен 527 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 78 шақырым болатын 7 канал тазалау, елді мекендерге 21 дана насос қондырғыларын жеткізіп беру жұмыстары жүргізілетін болады. Ағымдағы жылы облыс бойынша 73,7 мың гектарға мал азықтық дақылдарын егу болжамдануда. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 2,3 мың гектарға арттыру межеленуде. Биылғы жылы облыс бойынша су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы барлығы 687 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Оның ішінде Арал ауданында «CAMEL PRO» ШҚ-ы жаңбырлатып суару әдісімен 100 гектар жерге жоңышқа дақылы егіледі. Ал, Қазалы ауданында «РЗА Агро» АҚ сүрлемдік жүгері дақылын жаңбырлатып суару арқылы 87 гектарға егу және 2025 жылға дейін оның егіс көлемін 198 гектарға дейін арттыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан 15 мың гектар жайылымдық жерлерін 5 жылға жалға алу жөнінде келісім жасалып, 2021 жылдың 30 қыркүйегінде Арал ауданы мен Ырғыз ауданы әкімдіктері арасында екі жақты меморандумға қол қойылған. Сонымен қатар, биылғы жылы да облыста қысқа түсетін малдарды мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында жем-шөп дайындау және жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.