«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы»
«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 11.05.2023, 16:00
- 11.05.2023, 18:00
Усиев Кайратберген 11.05.2023, 16:19, Сұрақ нөмірі: 11891
Сәлеметсізбе! Мен 2017 жылы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаным үшін мемлекеттік қызметтен шығарылдым. Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметке қайта кіруіме мүмкіндік бар ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.May.2023, 16:31
Қайырлы күн! Сауалыңызға алғыс білдіреміз! Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 наурыздағы № 4 нормативтік қаулысымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар үшін жұмыстан шығарылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне мерзімсіз тыйым салуды белгілеу бөлігінде конституциялық емес деп танылды. Осыған орай, егер Сіз «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабында көзделген мемлекеттiк қызметке кiрудің өзге де шарттарына сәйкес келсеңіз, мемлекеттік қызметке қабылдануға құқылысыз.