«О вопросах при прохождении государственной службы»
Интернет-конференция на тему: «О вопросах при прохождении государственной службы». На вопросы пользователей будет отвечать руководитель Департамента, председатель совета по этике Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Атырауской области Е.М.Ермаханбетов.
- Вопросы: 6
- Ответы: 6
- 11.05.2023, 16:00
- 11.05.2023, 18:00
Жарасова Айнагул 11.05.2023, 16:31, Номер вопроса: 11892
Салематсызба! Менің жұмыс орным мемлекеттік қызметшілерге командировкаға тек қана поезд арқылы немесе таксимен баратынын, басқа көлік қарастырылмағанын айтып отыр. Бірақ, шараның белгіленген уақыты ауысып отыр, менің пересадкамен жүретін және оның билетін қарайтында уақытым жоқ. Осыған дұрыс түсінік бересіздерме?



Агентство РК по делам государственной службы 11.May.2023, 17:17
Қайырлы күн! Сауалыңызға алғыс білдіреміз! Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің уәкілетті адамның тиісті актісіне сәйкес қызмет бабымен іссапарға жіберілген уақытында, олардың заңмен көзделген әлеуметтік кепілдіктері (тәуліктік төлемдер, баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары және тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары) мен құқықтары сақталуы тиіс. Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 934 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер, іссапарда болатын жерге ерекше жағдайларда, яғни Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өткен кезде, өзге (теміржол және т.б.) көлік құралдары болмаған немесе іссапар шұғыл болған кезде мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығына сәйкес әуе көлiгiмен экономикалық класс авиабилеттің құны бойынша жіберілуге жататындығы түсіндіріледі.