Мемлекеттік қызметті өткеру бағыты бойынша
Мемлекеттік қызмет
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 11.05.2023, 10:00
- 11.05.2023, 17:00
Курмамбаева Гулим 11.05.2023, 16:51, Сұрақ нөмірі: 11893
Сәлеметсіз бе! Мен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 2020 жылы «Мемлекеттік саясат бағдарламасы» бойынша тәмәмдадым. СОңғы зағнамадағы өзгерістерге сәйкес конкурссыз тағайындала аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.May.2023, 16:53
Сәлеметсіз бе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабының 5-тармағына сәйкес, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оның аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардан, мәслихат аппаратынан, ревизиялық комиссиялардан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінен басқа) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады: Яғни, Академия тәмамдағаннан соң 1 жыл ішінде жүзеге асырылуы қажет екенін назарыңызға жеткіземіз.