Мемлекеттік қызметті өткеру бағыты бойынша

Мемлекеттік қызмет

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 11.05.2023, 10:00
  • 11.05.2023, 17:00

Абишева Инкар 11.05.2023, 16:53, Сұрақ нөмірі: 11894

  • 0

Сәлеметсіз бе! Менің балам 4 курс студенті, грантта оқиды. Теледидардан мемлекеттік қызметке конкурссыз түлектердің мүмкіндішгі туралы естідім, балам қалай мемлекеттік қызметке түсе алады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.May.2023, 16:55

Сәлеметсіз бе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабының 6-тармағына сәйкес, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында, В+ (әріптік жүйе бойынша), 3,33 (балдардың сандық эквиваленті), 85-89 (%-тік құрамы) мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен "Б" корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) тағайындала алады. 1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; 2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына; 3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; 4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады. Жоғары да айтылған негіздерге сәйкес осы лауазымдарға орналасуға мүмкіндіктер бар. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалары негізінде өткізіледі.