Мемлекеттік қызметті өткеру бағыты бойынша

Мемлекеттік қызмет

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 11.05.2023, 10:00
  • 11.05.2023, 17:00

Мұстафа Гауһар 11.05.2023, 16:54, Сұрақ нөмірі: 11895

  • 0

Сәлеметсіз бе! Мен қазір мемлекеттік қызметте жұмыс жасап жатырмын.Басқа мемлекеттік органға ауысқым келеді.Конкурссыз ауысу тәртібі арқылы ауыса аламын ба? Әлде тест қайта тапсыруым кажет пе?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.May.2023, 16:56

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметті атқарып отырған қызметші басқа мемлекеттік органға ауысуы сол мемлекеттік органның жалпы конкурсына қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 27-бабы 9-тармағына сәйкес конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді. Сонымен қатар, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпанындағы № 40 бұйрығымен бекітілген. Аталған қағидалардың талаптарына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілермен мынадай құжаттар тапсырылады: 1) өтініш; 2) қызметтік тізім. Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Агенттіктің интернет-ресурсында (gov.kz/memleket/entities/qyzmet) орналастырылады және конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет ресурсында таныса аласыз.