«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы»
«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 11.05.2023, 16:00
- 11.05.2023, 18:00
Иманбаев Алтынбек 11.05.2023, 16:54, Сұрақ нөмірі: 11896
Сәлеметсізбе! Мен мемлекеттік қызметке тест тапсыруды жоспарлап жүрген едім. Бірақ қазір менің жеке кәсіпкерлігім бар. Егер мемлекеттік қызметке тесттен өтіп, келетін болсам қазіргі кәсіпкерлігіммен айналыса беруге болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.May.2023, 17:18
Қайырлы күн! Сауалыңызға алғыс білдіреміз! «Қазақстан Республиканың мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 13-бабымен мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер айқындалған. Бұл ретте, мемлекеттік қызметші өкiлдi органның депутаты болуға, педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға, кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу ҚР заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға, өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға, мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға, ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға және лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті екендігін де атап өтеміз. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ олардың тікелей бағынысында бола алмайтындығы түсіндіріледі.