«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы»

«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 11.05.2023, 16:00
  • 11.05.2023, 18:00

Жұман Бауыржан 11.05.2023, 17:50, Сұрақ нөмірі: 11899

  • 0

Саламатсыз ба. С-О-5 санатына қандай талаптар қойылады, тәжірибе болу керек пе?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.May.2023, 17:55

Жауап: Қайырлы күн! Сауалыңызға алғыс білдіреміз! «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына сәйкес, С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білімінің болуы және күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару құзыреттерінің бар болуы талаптары белгіленген. Сонымен қатар, жұмыс тәжірибесі талап етілмейтіндігін түсіндіреміз. Бұл ретте, тиісті бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының көлемі мен шарттары, мемлекеттік орган айқындаған осы біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар (білімі, мамандығы және т.б.) ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында (www.gov.kz) жарияланатын мемлекеттік органдардың бос лауазымдарға конкурсты өткізу туралы хабарландыруларда нақты айқындалатындығы назарыңызға ұсынылады.