Мемлекеттік қызметке кіру және өткеру бойынша

Мемлекеттік қызметке кіру және өткеру бойынша

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 12.05.2023, 10:00
  • 12.05.2023, 17:00

Сакенов Нұрсұлтан 12.05.2023, Сұрақ нөмірі: 11900

  • 0

Университетті енді аяқтайтын студенттерге мемлекеттік қызметке түсуге жеңілдіктер бар ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.May.2023, 14:48

Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы заңының 15-бабының 6-тармағына сәйкес, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында орташа балы (GPA) 3,33 мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына: 1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; 2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына; 3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; 4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады.