Мемлекеттік қызметті өткеру бағыты бойынша

Мемлекеттік қызмет

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 18.05.2023, 15:00
  • 18.05.2023, 18:00

Корабаева Гулден 18.05.2023, 15:43, Сұрақ нөмірі: 11916

  • 0

Сәлеметсіз бе!. Мемлекеттік қызметке орналасқаныма 6 ай болды, қандай мерзім ішінде еңбек демалысына шыға аламын. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек демалысы туралы мағлұмат берсеңіз?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.May.2023, 16:06

: Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 54-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi. Мемлекеттік қызметшілерге алғашқы және одан кейінгі жылдардағы жұмысы үшін жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Бұдан бөлек, жоғарыда көрсетілген баптың 2-тармағында мемлекеттiк қызметшiлердiң қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалыстары оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн екендігі көрсетілген. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 92-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі және осы баптың 2-тармағына сәйкес, жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайтындығы айқындалған. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметшінің жұмыс жасаған кезеңі үшін 30 күнтізбелік күнді құрайтын еңбек демалысының күндері (қызметкерідің жұмысқа кіріскен бірінші күнінен бастап) күнтізбелік он екі айды құрайтын уақыт аралығына есептеледі. Бұл тұста, Кодекстің 91-бабында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде еңбек өтіліне нақты жұмыс істелген уақыт қосылатындығы белгіленген.