«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтар»

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет саласына қатысты сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 19.05.2023
  • 19.05.2023, 17:00

Касынбеков Сексен 19.05.2023, 14:35, Сұрақ нөмірі: 11921

  • 0

Саламатсыздарма! Менің сұрағым мынадай, бүгінгі күнге жас мамандардың қайсысы мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тағайындалуға құқылы? алдын ала рахмет!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.May.2023, 18:16

Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 15 бабына сәйкес, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес (GPA 3,33-тен жоғары) оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына: 1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; 2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына; 3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; 4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады.