«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша»
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 23.05.2023, 15:00
- 23.05.2023, 17:00
Сәлменов Мұратбек 23.05.2023, 15:25, Сұрақ нөмірі: 11929
Салеметсіз бе. Менің досымның артериалды гипертензия деген диагнозы бар. Оған постоянно Индапамид, Метопролол дәрілерін ішу қажет. Менің досымға дәрілерді тегін алуға болады деп больницада түсіндірген, ол үшін өтінім беру керек екен портал арқылы. Алайда, досым портал арқылы емес, қағаз түрінде өтінім бергісі келіп отыр, солай жасауға болама екен?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.May.2023, 15:43
Салеметсіз бе, сұрағыңызға рақмет. «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып саналады және ол қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ -103 бұйрығымен бекітілген Қағидаларының (Бұдан әрі – Қағида) негізінде көрсетіледі. Қағидамен бекітілген Стандарттың 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдеріне көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде) және www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы жатады. Қағиданың 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз түрінде алу үшін денсаулық сақтау субъектісіне жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып жүгінеді.