«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша»
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 23.05.2023, 15:00
- 23.05.2023, 17:00
Абикенов Шынгысхан 23.05.2023, 16:27, Сұрақ нөмірі: 11936
Салеметсіз бе. Менің жұбайым жұмыс іздеп жұр, жұмысқа орналасқан кезде Психикалық денсаулық орталығынан учетта тұрмайды деген мәлімет қажет. Мен жұбайымға қатысты сол мәліметті өзім алғым келеді, запрет бар ма екен басқа тұлғаға қатысты сондай ақпаратты алу?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.May.2023, 16:29
Салеметсіз бе, сұрағынызға рақмет. «Психиатрия» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып саналады және ол қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген Қағиданың (Бұдан әрі – Қағида) негізінде көрсетіледі.Қағиданың 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа тұлғаға қатысты «электрондық үкімет» веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген тұлғаның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.