Мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген өзгерістер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген өзгерістер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 23.05.2023, 15:00
- 23.05.2023, 18:00
Құдайберген Айкерім 23.05.2023, 16:46, Сұрақ нөмірі: 11937
Сәлеметсіздерме, қазіргі таңда жоғары оқу орнын аяқтаған студенттер үшін мемлекеттік қызметке орналасу үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.May.2023, 16:50
Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет. Уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес (GPA 3.33 жоғары) оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мемлекеттік қызметтің аудан, ауылдардағы төменгі лауазымдарына конкурссыз орналаса алады.